Діни тұрақтылықтың сақталуы арқылы бірлігі бекем қоғам құрылады

0
164

Дін – ежелден бері адам өміріне бағыт-бағдар беріп келе жатқан аса маңызды рухани-әлеуметтік құбылыстардың бірі. Ол жеке тұлғаның рухани өмірін қалыптастырып қана қоймай, қоғамдағы мәдениет, мораль, дәстүр, заң, саясат сияқты салаларға да терең әсер етеді. Қазақстан сияқты көпконфессиялы елде дін саласының дамуы мен оның реттелуімаңызды мемлекеттік және қоғамдық мәселе. Бұл тұрғыдан алғанда, дін саласын дұрыс басқару, дін мен зайырлылықтың үйлесімділігі, діни радикализмнің алдын алуөзекті тақырыптар қатарына жатады.

Діннің қоғамдағы орнына тоқталар болсақ, ол тек наным-сенім жүйесі емес, адамдардың өмірге, өлімге, адамгершілікке, әділеттілікке дегенкөзқарастарын қалыптастыратын құрылымдық күш. Қазақстанда діннің қоғамдағы рөлі руханитәрбие құралы, отбасы құндылықтары бағыттарыбойынша көрініс тауып, адалдық, кішіпейілділік, сабырлық сияқты қасиеттермен насихатталады. Ал әлеуметтік тұрақтылық факторы діни конфессиялар арасындағы бейбіт қарым-қатынас қоғамдық келісімге ықпал етеді.

Мәдениеттің бір бөлігі: қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында ислам дінінің ықпалы айқын байқалады. Азаттық алғаннан кейін елімізде дінге сену бостандығы қамтамасыз етіліп, діни ұйымдардың жұмысы жанданды. Қазіргі таңда Қазақстанда18-ден астам конфессия, 3 800-ден аса діни бірлестік, 3 500-ден астам мешіт, 300-ге жуық шіркеу жұмыс істейді. Осының барлығы – Қазақстанның діни әралуандылықты құрметтейтін, демократиялық және зайырлы мемлекет екенін дәлелдейді.

Дін саласындағы маңызды мәселелердің бірі – радикалды және экстремистік бағыттардың белсенді таралуы. Қазіргі кезде интернет пен әлеуметтік медианың көмегімен жайылатын жат діни көзқарастар, әсіресе жастар үшін үлкен қауіп төндіруде. Мұндай құбылыс ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер келтіруі мүмкін. Сонымен бірге, қоғамдағы діни білімнің жеткіліксіздігі де өзекті түйткілдердің қатарында. Көптеген азаматтар діни ақпаратты ресми және сенімді көздерден емес, әлеуметтік желілердегі белгісіз адамдардан немесе күмәнді тұлғалардан алады. Соның салдарынан олар оңай адасып, түрлі идеологиялық ықпалға түсіп кетуі ықтимал.

Оның алдын алу үшін ең алдымен діни сауаттылықты арттыру қажет. Бұл бағытта білім беру мекемелерінде дінтану пәнін сапалы түрде оқыту, білікті ұстаздар мен дін мамандарын тарту маңызды. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет кеңістігінде дәстүрлі құндылықтарды насихаттайтын, ғылыми әрі сенімді контентті көбейту керек. Ақпараттық-түсіндіру топтарының, дін саласындағы сарапшылар мен теологтардың халықпен тікелей жұмысын күшейту де радикалды идеологиялардың жолын кесуде маңызды рөл атқарады. Отбасылық тәрбие, ұстаз бен ата-ананың бақылауы және мемлекеттің үйлесімді саясаты қатар жүзеге асқанда ғана бұл қауіптің алдын алуға болады.

Бүгінде зайырлылық пен діни сенім бостандығы арасындағы тепе-теңдікті сақтау – қазіргі Қазақстан үшін аса маңызды, стратегиялық бағыттардың бірі. Бұл тепе-теңдік бір жағынан әр азаматтың діни құқықтарын қорғауды қамтамасыз етсе, екінші жағынан – діни экстремизмнің, фанатизм мен алауыздықтың алдын алу үшін қажет. Сондықтан дін саласындағы саясат ұдайы жаңарып, заманауи сын-қатерлерге бейімделуі тиіс. Қоғамда діни толеранттылықты, өзара құрмет пен түсіністікті қалыптастыру – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Тек осы жолмен ғана Қазақстан көпэтносты, көпконфессиялы ел ретінде тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтап қала алады.

Тағы бір өзекті мәселе – зайырлылық пен діннің ара-жігін дұрыс түсінбеу. Кейбір азаматтар зайырлы мемлекет ұғымын «дінсіздік» деп қате қабылдайды. Шын мәнінде, зайырлылық – дінге қарсы ұстаным емес, керісінше, әр адамның ар-ождан бостандығын, діни сенім еркіндігін қамтамасыз ететін және діннің еркін дамуына мүмкіндік беретін құқықтық әрі әлеуметтік жүйе. Осы ұстанымды дұрыс түсіну – қоғамда діни төзімділік пен бейбіт қатар өмір сүру мәдениетін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

Сонымен бірге, діни алауыздық пен конфессияаралық шиеленістер де қазіргі қоғам үшін өзекті мәселеге айналып отыр. Кейбір жағдайларда діни нанымдағы айырмашылықтар адамдар арасында түсініспеушілікке, тіпті келіспеушілікке әкеп соғады. Мұндай келеңсіздіктердің алдын алу үшін дінаралық диалогты дамыту, діни келісім мен өзара құрметті нығайту қажет. Осы аталған барлық шаралар – еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау мен нығайтудың негізгі алғышарттары болып табылады. Діни тұрақтылық – тек ішкі тыныштықтың кепілі ғана емес, сондай-ақ ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің де негізі.Қазақстанда дін саласындағы мемлекеттік саясат зайырлылық қағидаттарына негізделе отырып, азаматтардың ар-ождан бостандығы мен діни сенім құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет тарапынан дін саласын үйлестіру жұмыстары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен оның құрамындағы Дін істері комитеті арқылы жүзеге асырылады. Олар діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды үйлестіріп, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған саясат жүргізеді. Дерадикализация бағытында да жүйелі шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, радикалдық идеологияның таралуының алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді, мектептер мен жоғары оқу орындарында дінтану пәні енгізілген, сонымен қатар медиа кеңістіктегі діни мазмұнды бақылау арқылы радикалды ағымдардың ықпалын азайтуға күш салынуда. Бұл кешенді саясат елімізде діни келісім мен ұлтаралық татулықты сақтауға негізделген.

Жастарды ұлттық және рухани құндылықтармен сусындатып, зайырлы мемлекеттің ұстанымдарын дұрыс түсіндіре білсек, діннің қоғамдағы орны нақты әрі тұрақты қалыптаспақ. Ең бастысы, дінисенім бостандығы мен зайырлылық арасындағытепе-теңдікті сақтауеліміздің рухани қауіпсіздігімен тұрақты дамуының кепілі. Бұл жолдабаршамыздыңәр азаматтың, әр отбасының, әрмекеменің жауапкершілігі зор. Тек осылай ғана бізболашағы жарқын, бірлігі бекем, рухани тұғырыберік қоғам құра аламыз.

Әлия ӘУЕСБЕКОВА


ПІКІР ЖАЗУ