Қор туралы
Қор туралы ақпарат
1. Ұйымның толық атауы “РУХ ЖАҢҒЫРЫҒЫ” ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ
2. Қордың қызметінің мәні және оның мақсаттары келесі негіздердең тұрады:
Мемлекеттік саясатты іске асыру саласында
1. Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстарын жүргізу;
2. Қоғамда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, мемлекеттік тілге, қазақтың ұлттық дәстүріне құрметті арттыру;
3. Мемлекеттік қызметкерлердің патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтарды, тарихи жадыны дамыту және кәсіби біліктілігін арттыру;
Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану саласында
4. Мемлекеттік тілді білуді насихаттау және тіл саясатын насихаттауға арналған іс-шараларды өткізу;
5. Интернет желісіндегі қазақ тілді контентті дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру;
6. Мемлекеттік тілді қолдау, латын алфавитін дамытуға арналған жобалар мен іс-шараларды ұйымдастыру;
Жастар және өскелең ұрпақпен жұмыс жасау саласында
7. Жастардың отансүйгіш, патриоттық және адамгершілік тәрбиесінің дамуына, мәдени ағартушылық жұмыстарына бейімдеу;
8. Жастардың азаматтық ой-пікірін, таным талғамын жоғары дәрежеде жеткізе алатындай тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
9. Жастардың жұмыспен қамтылуына жағдай жасау;
10. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу;
11. Мақсатына қарай оқушылар, студенттік және жастар кеңестері мен клубтарының қызметін ұйымдастыру және дамыту.
12. Жастардың интеллектуалды дамуына бағытталған шараларды жүзеге асыру;
13. Тарихи тұлғаларды және қуғын-сүргін құрбандарын дәріптеу бойынша жастар арасында жүйелі жұмыстар жүргізу;
14. Қазақ халқының мәдениетін, тарихын зерттеп жүрген ғалымдармен, мәдениет қайраткерлері мен жастар арасында іс-шараларды ұйымдастыру;
15. Жастардың кәсіби қызығушылықтарына орай пікір алмасуына, тәжірибе бөлісуіне бағытталған іс-шаралар жүргізу;
16. Жастардың кәсіби іс-тәжірибеден өтуіне жәрдемдесу;
17. Түрлі саланың мамандары мен жастар арасында кездесулер, ортақ жобалар жасау;
18. Жастар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық, мәдени, дене шынықтыру, адамгершілігін дамытудағы қажеттілігін қанағаттандыру үшін таңдаулы отандық және шетелдік тәжірибелерін ескере отырып қажетті жағдайлар жасау;
Ғылымды дамыту саласында
19. Отандық ғылымды, өнерді, мәдениетті, білім мен тәрбие беруді дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
20. Көшпелі халықтардың, оның ішінде жалпы түрік халықтарының мәдениеті мен тарихын, этнографиялық ерекшеліктері мен ортақ белгілерін дәріптеу.
21. Ғылыми, ағарту-баспалық, педагогикалық іс-әрекетін іске асыру;
22. Ғылыми, техникалық және көркем шығармашылықты дамыту;
23. Қоғамдық мәселелерді зерттеуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
24. Ғылыми-технологиялық, инновациялық, акселерациялық жобаларды, бизнес-инкубатор мен стартап идеялар мен бастамаларды қолдау жұмыстарын ұйымдастыру;
Мәдениет және тарих саласында
25. Рухани және әлеуметтік-саяси құндылықтарды, мәдениетті, әдебиетті, туризмді дамыту;
26. Қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау (тіл, әдебиет, тарих, өнер);
27. Тарихи мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс шараларды ұйымдастыру;
28. Шетелден көшіп келген этникалық қазақтардың әлеуметтік, мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау;
29. Қазақ халқының тарихы мен көне мәдениетіне деген жалпы қоғамның отансүйгіштік рухын арттыру;
30. Байырғы жер-су атауларының тарихы мен аңыздарын зерттеу және халық арасында тарихи атауларын қайтару бойынша түсіндірме жұмыстырын ұйымдастыру;
31. Қор жанынан ұлттық құндылықтарды қорғау, дамыту, насихаттау бағытында қоғамдық қозғалыстар мен маманданған клубтардың жұмысын құру және жүргізу;
32. Қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртып насихаттауға бағытталған шараларды ұйымдастыру;
33. Тарихи және мәдени ескерткіштерді және қоршаған ортаны қорғау;
34. Отандық ұлттық шығармашылық, әдеби, өнер және т.б. бағыттағы жобаларды жүзеге асыру және қолдау;
35. Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді насихаттайтын іс-шаралармен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелермен бірігіп іс-шараларды, ұйымдастыру және қолдау;
36. Еріктілік мәдениетін қалыптастыру;
37. Сыртқы және ішкі туризм салаларының дамуына үлес қосу, туристік, тарихи-археологиялық экспедицияларды ұйымдастыру;
Дін саласы бойынша
38. Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын қолдау жөніндегі жобаларды, бағдарламаларды ілгерілету;
39. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың даму стратегиясы бойынша білім беру, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жобаларды (зерттеулерді) жүргізу;
40. Мемлекеттік органдардың және халықаралық ұйымдардың тапсырысы бойынша қоғамның діни саласындағы қоғамдық пікірді зерттеу және мониторинг жүргізу;
41. Радикалды діни топтар мен дағымдардың идеяларының таралуын алдын алу үшін, зайырлылық негіздері, діни сауаттылық туралы ағартушылық, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
42. Қоғамда және халықтың мақсатты топтары арасында оңалту және дерадикализация шараларын жүргізу;
43. Қоғамның діни саласындағы мәселелерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізу, жанжал туындаған кезде олардың алдын алу және шешу бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар әзірлеу;
44. Азаматтарды дін мен зайырлылық мәселелері бойынша сұхбаттасу мен ынтымақтасу мәдениетіне араластыруға мүмкіндік жасайтын инновациялық бағдарламалар мен жобаларды қолдау мен алға жылжыту;
45. Этносаралық және дінаралық келісімді нығайту және өзге диаспоралар арасында қазақ мәдениетін дәріптеу;
Басқа
46. Толеранттылық және ұлтаралық келісімділік мәселелері бойынша ұйымдастырушылық тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастыру;
47. Ұлттар достастығының бірлігін нығайту;
48. Табиғатты қорғау мен экотуризмді дамытуды қолдау;
49. Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру;
50. Қоғамдық сананың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілігін қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
51. Тұрғындардың әлеуметтік әлсіз, қорғалмаған топтарына қайырымдылық көмек көрсету, мүгедек жандарға қолдау көрсету;
52. Әлеуметтік маңызы бар акциялар өткізу;
53. Дөңгелек үстелдер, семинарлар, лекциялар, конференциялар, көрмелер, жиналыстар, дискуссиялар ұйымдастыру мен жүргізу;
54. Әлеуметтік сауалнамалар және маркетингтік зерттеулер жүргізу;
55. Мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану, атап айтқанда БАҚ, сайттар, онлайн форумдар, интернет-қауымдастықтар, чаттар құру және дамыту, сондай-ақ діни тақырып бойынша қолда бар сайттар, форумдар, чаттар мониторингі;
56. Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, СПИД, есірткі, алкоголь, темекі және тағы да басқа адам денсаулығына зиянды әсерлердің алдын алу шараларын ұйымдастыру;
57. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық өсуді қолдау, әйелдер арасында жасанды түсік жасатудың алдын алу;
58. Отбасы институтын нығайту, неке және отбасы қарым-қатынастарында гендерлік теңдікке қол жеткізу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
59. Қоғам мәселелеріне қатысты бағдарламалар, жобалар жасау және оларды тиісті органдарға жеткізу;
60. Интеллектуалдық және өнертапқыш ойындар мен іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
61. Тұрғындардың мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы талқылау;
62. Журналистерге арналған іс-шаралар, курстар, семинарлар және т.б. іс-шаралар өткізу, біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу;
63. Еліміздегі және шетелдердегі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, өзара ынтымақтаса жұмыс істеу;
64. Мемлекеттік және басқа да тапсырыстарды алуға байланысты отандық және шетелдік ұйымдар мен қорларының конкурстарына, тендерлеріне қатысу;
65. Пікірсайыс ережелерін меңгеруге бағытталған семинарлар, турнирлер, байқаулар, басқа да шаралар ұйымдастыру;
66. Қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, мұқтаж жандарға жәрдем жасау;
67. Есірткі пайдалануға, шылым шегуге, алкогольді ішімдіктерді ішуге қарсы насихат жүргізу;
68. Спорттық ойындар, жарыстар ұйымдастыру және өткізу;
69. Қоғамдық маңызы мен пайдасы бар бастамаларды қолдау, жүзеге асыру;
70. Қазақстан Республикасының заңдылықтарына қарама қайшы келмейтін басқа да қызметтерді жүзеге асыру.
3. Ұйымның тіркелген күні 2017 жылғы 2 қазан
4. БСН 171040000500
5. Ұйымның заңды мекенжайы: Қазақстан, Астана қаласы, Алматы ауданы, Тұрғын үй алабы Оңтүстік-Шығыс(сол жағы), көшесі Бұқтырма, үй 13
6. Ұйымның басшысы ХАМИТ АЙДАР ДУЛАТҰЛЫ (Лауазымы Директор)
7. Ұйымның байланыс телефоны +7 747 926 0260
8. Электрондық пошта мекенжайы ruh.janhyrygy2017@gmail.com
9. Әлеуметтік желілердегі парақшалар:
10. Ұйымның қазіргі жобалары
- Democracy.kz саяси-ақпараттық порталы – еліміздегі саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелерге арналған бірегей жоба. Еліміздегі саяси жағдайлар, маңызды оқиғалар, әлеуметтік мәселелер біздің назарымыздан тыс қалмайды.
- «Qazaq Science» ғылыми-танымдық порталы — qazaqscience.kz. Жоба мақсаты: Білім мен ғылымды насихаттау, жастардың таным көкжиегін арттыру, олардың ғылымға деген құштарлығын ояту.
11. Ұйымның атқарылған жобалары
1.Азаматтарды референдумға дайындық барысы туралы ақпараттандыру үшін баннерді интернет-ресурсқа орналастыру. Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы» ММ. Атқарылған мерзімі: Маусым 2022 ж. Жоба нәтижесі: Күнделікті келушілер саны 15 000 – 20 000 адамды құрайтын қазақстандық интернет-портал, бір ай ішінде келушілер саны 500 000-нан асады. «Референдум 2022», «Саясат», «Қоғам» сияқты түрлі айдар бар. Порталдың парақшалары әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істейді.
2. Жастар арасында интернетке тәуелділіктің және құмар ойындардың алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру жобысы. Тапсырыс беруші: «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» КММ. Атқарылған мерзімі: Желтоқсан 2023 ж. Жоба нәтижесі: Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер жүзеге асырылды.
3. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған «Халық жады» естеліктер жинағын шығару бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жобысы. Тапсырыс беруші: «Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Атқарылған мерзімі: Желтоқсан 2023 ж. Жоба нәтижесі: Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер жүзеге асырылды.
12. Қордың командасы
Хамит Айдар Дулатұлы — Жетекші
Досбаева Рауашангүл — Бас есепші
Берлигожин Дамир — Заңгер
Литпин Дина – СММ маман, журналист
Туғызбай Назым — журналист-редактор, «Qazaq Science» ғылыми-танымдық порталы
Чонжибай Әйгерім — журналист, Democracy.kz саяси-ақпараттық порталы
Есенқұл Балнұр — журналист, Democracy.kz саяси-ақпараттық порталы
Қадылбек Адила — зерттеуші
Дінмұхамедова Гүлнұр — зерттеуші
Смаилова Айжан — аудармашы
Әубәкір Алмас — програмист
13. Серіктестер
«Адырна ұлттық-этнографиялық» порталы
«BasQaru» қоғамдық қоры
«Қара шаңырақ» қоғамдық бірлестігі
Астана қаласы №93 мектеп-лицей