Президент Халық кеңесінің құрамын бекітті

0
19

Бүгін Халық кеңесінің құрамы белгілі болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің құрамын бекітті. Президент жарлығына сәйкес, Халық кеңесіне 126 адам мүше болды. Олардың қатарында депутаттар мен қоғам қайраткерлері де бар.

Сонымен қатар тізімге Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмурат Муталип, Сатыбалды Дәулеталин, Ләззат Шыңғысбаева, Мейіржан Отыншиев және Зейнұлқабден Табиғат секілді белгілі қоғам қайраткерлері мен басшылар кірді.

Кеңес құрамы «тең үштік» қағидатымен іріктелген. Атап айтсақ, аймақтық мәслихаттар мен жергілікті кеңестерден — 42 өкіл, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақтар мен үкіметтік емес сектордан — 42 және этномәдени бірлестіктерден — 42 өкіл бар.

Кеңестің өзіндік  жұмыс істеу ерекшелігі бар. Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың мәлімдеуінше, кеңес мүшелері қоғамдық негізде жұмыс істейді. Яғни, аталған мүшелерге мемлекет тарапынан жалақы төленбейді.


ПІКІР ЖАЗУ