Азия ойындары 2026: Ғалым Нұрымовтың нәтижесі

Жапонияда өтіп жатқан XX Азия ойындарында отандасымыз Ғалым Нұрымов үшінші кездесуін өткізді. Ол алғашқы кезеңде Қытай Тайпейі Чи Чи Ченді 5:3 есебімен жеңіп алға шықса, екінші айқаста моңғолиялық Шыңғыс Нармандахты 5:1 есебімен жеңіп топ жарды. Ал үшінші сында үндістандық Саяинге есесін жіберіп, 3:5 есебімен жеңіліп қалды.
ХХ Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Аталған додаға Қазақстан ұлттық құрамасынан 558 спортшы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен бақ сынайды.







