Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртаудағы Qarmet комбинатының жұмысшыларымен кездесті

Фото: интернет желісінен алынды
Ф заңМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртау қаласына жұмыс сапарымен барып, Qarmet металлургиялық комбинатының ұжымымен және кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Президент қаланың негізгі дамушы күші осы Qarmet зауыты екенін атап өтті. Осыған байланысты кәсіпорынды қарқынды жаңғырту бағдарламасы іске қосылғанын мәлімдеді. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2028 жылға дейін 3,5 миллиард доллар қаржы жұмсалмақ.
Мемлекет басшысы өндірісті заманауи талаптарға сай бейімдеу мәселесіне жеке тоқталды:
«Өндіріске озық технологиялар мен цифрлық шешімдер енгізуге айрықша мән берілуде. Жұмысты ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігі мәселесі ерекше бақылауға алынды», – деді Президент.
Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елдің өндірістік және индустриялық дамуына елеулі үлес қосқан Qarmet акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.







