Demoscope зерттеу бюросы: Білім беру саласын дамытуға басты кедергі-жемқорлық пен педагогтардың біліксіздігі

0
12

Demoscope бюросы Қазақстандағы білім беру сапасына қоғамның көзқарасы тақырыбында азаматтар арасында сауалнама жүргізді. Аталған сауалнама мамыр айының 10-23 аралығында өтті. Demoscope зерттеуі Қазақстанның білім беру сапасына қоғамның көзқарасы мен білім беру жүйесіне әсер ететін факторларды анықтады.
Бюроның зерттеуі бойынша, Қазақстандағы орта білім саласының дамуына кедергі болып отырған негізгі себептерді атады. Ең негізгі фактор ретінде мұғалімдердің біліктілігінің төмендігі мен жемқорлық мәселелері анықталды. Бұдан бөлек, мектептердегі материалдық-техникалық базаның жеткілікті болмауы, оқушылардың ынтасының төмендігі және сыныптағы бала санының көптігі мәселелері де бар.
Сауалнамаға қатысушылардың 37,3%-ы білім беру сапасын жоғары деп санаса, 20,6%-ы білім сапасы төмен деп есептейді. Респонденттердің қалған 37,4%-ы елдегі білім сапасы орташа деп санайды.
Demoscope сауалнамасы елдегі білім сапасына тұрғылықты өңірдің де қатысы бар екенін көрсетіп отыр. Сауалнамаға қатысушылардың 57,4%-ы елдің megapolis-терінде басқа өңірлерден қарағанда білім сапасы жоғары екеніне сенімді.
Сауалнама барысында оқу тілінің білім сапасына ықпалы, отбасының табыс деңгейі білім беру жүйесіндегі теңсіздікке әкелетін факторлар ретінде анықталды. Бұл тізімге қаржыландырудың жеткілікті болмауы мен дарынды балаларды қолдауға және дамытуға арналған мектептерге көбірек қаржы бөлінуі мен арнаулы және жекеменшік мектептердегі оқыту сапасының айырмашылығы білім саласындағы теңсіздікті шиеленістіре түседі деп санайды.
Demoscope азаматтардың пікіріне сүйене отырып, тиімді шаралардың тізімін жасаған. Онда білім беру саласындағы жемқорлықты азайту, мұғалімдер мен оқытушылардың білім деңгейін арттыру, материалдық-техникалық базаны жақсарту, мұғалімдер мен оқытушылардың жалақысын көтеру секілді шаралар қамтылған. Аталған тізімде оқу бағдарламасы мен оқулықтарды жетілдіру, мұғалімдер мен оқытушыларға бюрократиялық жүктемені азайту, гранттар санын арттыру, жаңа оқу орындарын салу секілді тиімді шаралар қарастырылған.


ПІКІР ЖАЗУ