25 қазан — Республика күні

0
24

Бүгін, 25 қазан — ел егемендігіне 36 жыл толды. Бұл жыл ғасыр үшін аз уақыт болғанымен, ел тарихы үшін аз уақыт емес. Осы жылдар аралығында еліміз саяси әрі маңызды қадамдар мен стратегиялық жоспарларды жасады.

1990 жылдың 25 қазанында Қазақстан алғаш рет «Егемендік туралы декларацияны» қабылдады. Декларация 17 тармақтан тұрды. Онда елдің қазба байлығы мен ресурстары мемлекет меншігіне тиесілі болды. Сонымен қатар Қазақ КСР-нің Конституциялық заңы қабылданды. Декларация аясында еліміз халықаралық қатынастар орнатуға құқылы болып, жеке территориямызды шегендедік.

1995 жылы Президент Жарлығымен 25 қазан ресми түрде Ұлттық мереке болып жарияланып, тойлана бастады. 2001 жылдан бастап Республика күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтілді. 2009 жылы 25 қазан мерекелер қатарынан мүлде алып тасталды.

2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін еліміздің ұлттық әрі басты мерекесі етіп қайта бекітті.


ПІКІР ЖАЗУ