Швейцариядағы АҚШ пен Иран келіссөздерінің алғашқы кезеңі аяқталды: 60 күндік жол картасы бекітілді

0
15

АҚШ пен Иран делегациялары арасында Швейцарияның Бюргеншток шипажайында өткен жоғары деңгейдегі тікелей келіссөздердің алғашқы кезеңі мәресіне жетті. Бұл туралы халықаралық қауымдастыққа келіссөздерге белсенді арағайындық етіп отырған Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф ресми түрде мәлімдеді. 100 күннен астам уақытқа созылған қақтығысты тоқтату мақсатында ұйымдастырылған бұл димпломатиялық басқосу өте күрделі әрі шиеленісті жағдайда өтті.

Тартысты пікірталастарға қарамастан, тараптар Таяу Шығыстағы дағдарысты реттеудің маңызды мәселелері бойынша өзара мәмілеге келе алды. Нәтижесінде алдағы 60 күн ішінде түпкілікті бейбіт келісімге қол жеткізуге бағытталған арнайы жол картасы бекітілді.

Келіссөздің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген негізгі уағдаластықтар:Ормуз бұғазын ашу: Әлемдік мұнай тасымалының негізгі күре тамыры саналатын бұғазда кемелердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, Иранның мұнай және мұнай-химия өнімдерінің экспортына салынған санкцияларды жеңілдету және шетелдегі бұғатталған кейбір қаржылық активтерін босату мен аймақтағы әскери іс-қимылдар мен қақтығыстарды тоқтатудың бірлескен тетіктерін әзірлеуді қарастырды.

Жоспарға сәйкес, Швейцариядағы техникалық деңгейдегі келіссөздер апта соңына дейін жалғасады. Келесі кезеңдерде Ормуз бұғазының құқықтық мәртебесі, Иранның ядролық бағдарламасы және өңірлік қауіпсіздік мәселелері егжей-тегжейлі талқыланбақ.

 

 

 


ПІКІР ЖАЗУ