QyzPU студенті Ясмина Тоқсанбаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар спортшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Марапат иегерлерінің қатарында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2-курс студенті, жеңіл атлетикадан марафондық қашықтыққа жүгіруші Ясмина Тоқсанбаева да бар. Спортшыға «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.
Ясмина – Қазақстан рекордшысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Ол 2026 жылы Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындарында спорттық жүрістен 42,195 шақырымдық марафон қашықтығын 3 сағат 22 минут 20 секундта бағындырды.
Мемлекеттік награда – спортшының жоғары жетістіктері мен Қазақстан спортының дамуына қосқан үлесінің жоғары бағалануы.







