4 маусым — Рәміздер күні

Бүгін — Рәміздер күні. 1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер алғаш рет бекітілді. Олар — Ту, Елтаңба, Әнұран.Тудың бейнесі еліміздің бейбітшілігі мен еркіндігін білдіреді. Тудың авторы — Шәкен Ниязбеков.Туымыз наурыз айында өткен әлемдік Flags of the World Tournament онлайн турнирінде әлемдегі ең үздік ту деп танылды.Елтаңба бейнесі — өмір мен мәңгілікті білдіреді. Ондағы көк түс — ашық аспанды білдірсе, алтын түс — жарық пен байлықты сипаттайды. Елтаңба авторлары — Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.Қазақстан Республикасының Әнұраны 2006 жылы 6 қаңтарда бекітілді. Әннің авторы — Шәмші Қалдаяқов, ал сөзін жазғандар — Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.







