Қазақстанда туристік бағыттарға 15 қосымша пойыз іске қосылады

0
19

Жазда Қазақстандық туристік бағыттарға 15 қосымша пойыз маршуты іске қосылады. Бұл туралы Tengrinews ақпарат агенттігі хабарлады. Аталған рейстер Астана-Достық, Алматы-Достық,Семей-Достық,Өскемен-Достық,Қарағанды-Балқаш,Алматы-Семей,Ақтөбе-Астана және Нұрлыжол-Шымкент бағыттарына қатынайды. Аталған 15 маршуттың 10-ы сұранысы жоғары Алакөл бағытына бөлінген. Бұл шаралар 400 мыңнан астам қосымша жолаушы орынын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 191 жолаушылар вагоны жаңартылып, пойыздардың ұзындығы ұлғайған. Көлік министрінің мәлімдеуінше, пойыз құрамының ұзындығы 13-тен 18 вагонға дейін ұзарады.

Биылғы жылы Қазақстанның 124 вокзалы жөндеуден өтіп,Көкшетау,Бурабай курорты,Қонаев,Көктума,Ақши,Манкент, Балқаш-2 вокзалдарында жөндеу жұмыстары аяқталды.


ПІКІР ЖАЗУ