Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбелеу – ел өркендеуінің кепілі

Патриотизм — кез келген тұлғаның өз еліне, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын айқындайтын рухани-адамгершілікқұнды қасиет. Бұдан сан ғасырлар бұрынқалыптасқан бұл ұғым бүгінде әрбір ұлттың руханитірегіне айналды. Қазіргі ғаламдық дәуірдепатриотизмнің маңызы күшейіп келеді. Өйткеніұлттың тұтастығы мен мемлекеттің негізін сақтау –кез келген азаматтың азаматтық борышы.
Шынайы патриотизм тек майдан даласындағы ерлікпен немесе тарихқа тағзым етуменөлшенбейді.. Ол адамдардың күнделікті тіршілік істерінде, туған жерге адал қызмет көрсетуінде, елдің болашағына үлес қосуында байқалатын қасиет. Егер әрбір азамат өз елінің тіліне,мәдениетіне, тарихына құрмет танытып, болашағына жауапкершілікпен қараса – бұл нағыз патриоттық сезімнің белгісі.
Бүгінгі таңда патриотизм бірнеше бағытта көрініс табады. Ол тек елге деген сүйіспеншілік пен құр сөз жүзіндегі ұрандармен шектелмейді. Қазіргі заманда патриотизм — бұл ел дамуына шынайы үлес қосу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау, қоғамда белсенді азамат болу. Азаматтық белсенділік арқылы патриот адам қоғамдық өмірге араласып, әділдік пен адалдықты қорғауға тырысады, түрлі әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, әр адам өз мамандығын жетік меңгеріп, адал еңбек ету арқылы да елдің әл-ауқатын арттыруға ықпал ете алады.
Патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі — ұлттық мәдениетті, тарихты, тілді құрметтеу. Өткенге тағзым жасап, салт-дәстүрді сақтау арқылы біз болашақ ұрпаққа рухани мұра қалдырамыз. Бұған қоса, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау да қазіргі заманғы патриоттық санаға тән. Таза әрі қауіпсіз орта құру — әр азаматтың міндеті.
Сонымен қатар, ақпараттық кеңістіктегі белсенділік, жалған мәліметтерге қарсы тұру, елдің оң имиджін қалыптастыру, отандық өнімдерді қолдау да – заманауи патриотизмнің басты белгілері. Ал мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әскери борышты өтеу, төтенше жағдайларда көмек көрсету сияқты әрекеттер – патриотизмнің нақты әрі маңызды көрінісі.
Патриотизмнің шынайы үлгісін ата-бабаларымыз көрсетіп кеткен. Тәуелсіздік жолындағы күрестер, Желтоқсан оқиғасы, 2022 жылғы қаңтар оқиғасындағы ерліктер – осының бәрі отансүйгіштіктің айқын айғағы.
Қазіргі жаһандану дәуірінде жастардың бойындағы отансүйгіштік сезімінің әлсіреуі қоғамды алаңдататын маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Жасыратыны жоқ, кейбір жастар туған жердің қадірін, ел мен ұлт алдындағы жауапкершілікті терең сезіне бермейді. Бұл жағдай бірқатар себептермен түсіндіріледі.
Біріншіден, жастар арасында патриотизм ұғымын формалды түрде қабылдау жиі кездеседі. Яғни, олар патриоттық сезімді тек мемлекеттік мерекелерде әнұран айту, ту көтеру секілді сыртқы әрекеттермен шектеп, оның терең мазмұнын ұғына бермейді. Екіншіден, шетелде білім алып, жұмыс істеуге кеткен жастардың біразы елге оралмауды жөн көреді. Бұл – Қазақстан үшін кадрлық, зияткерлік және демографиялық шығын болып саналады.
Мұндай келеңсіз үрдістердің алдын алу үшін нақты іс-шаралар қажет. Бұл ретте еліміздің білім беру жүйесінде патриоттық тәрбиеге айрықша басымдық беру – маңызды міндет. Патриотизмді мектеп қабырғасынан бастап жүйелі түрде қалыптастырып, оны тек сабақпен шектемей, тәрбие сағаттары, жобалар, әскери-патриоттық клубтар арқылы жүзеге асыру қажет.
Сондай-ақ, жастар саясатын белсенді жүзеге асырудың маңызы зор. Олардың пікірін тыңдай отырып, ел дамуына қатысуына мүмкіндік жасау – патриоттық сезімді арттыратын қадам. Жастар елге пайдасын тигізе алатынын сезінуі керек. Бұл – олардың елге деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.
Қазіргі ақпараттық қоғамда жаңа медиа құралдарының ықпалы ерекше. Сондықтан патриотизмді насихаттауда дәстүрлі әдістермен қатар, әлеуметтік желілерді, подкасттар мен видеоконтенттерді тиімді пайдалану қажет. Жастармен олардың өз тілінде сөйлесу арқылы ғана патриотизмнің шынайы мәнін жеткізуге болады.
Бүгінгі таңда ел дамуы жастардың ұлтқа адалдығы мен білім деңгейіне тәуелді. Ұлттық рухы биік, зерделі жастар – Қазақстанның тірегі мен болашағы. Сондықтан елжандылықты кішкентай күннен санаға сіңіру және оны іс жүзінде көрсету – әрбір тұлғаға жоғары жауапкершілік жүктейді.
Бүгінгі жастар – ақпараттық технология мен жаһанданудың әсерінде қалыптасып жатқан буын. Олар үшін патриотизм тек елдің туын көтеріп, әнұран айту емес, ел болашағына шынайы жанашырлықпен қарау, қоғам өміріне белсенді араласу, волонтерлік қызметтерге қатысу, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, экологиялық жобаларды қолдау – бұлардың барлығы елге деген жанашырлықтың, азаматтық жауапкершіліктің жарқын мысалы. Мұндай бастамалар тек жекелеген адамдардың емес, бүкіл қоғамның дамуына оң әсер етеді.
Патриотизм мемлекеттік бастамаларды қолдауданда көрініс табады. Қоғамдағы өзгерістер мен реформаларға үн қосу, сайлау науқандарындабелсенділік таныту – демократиялыққұндылықтарды құрметтейтін, ел тағдырына бей-жай қарамайтын саналы ұрпақтың белгісі.
Сонымен қатар, ұлттық мәдениетке деген құрмет те – патриотизмнің ажырамас атрибуты. Ана тіліміздісақтау, дәстүрімізді құрметтеу, отандық өнер мен әдебиетті дәріптеу арқылы біз өз болмысымыздыжоғалтпай, ұлттық рухымызды нығайтамыз. Өскелең ұрпаққа рухани тәрбие берудің, тарихижадымызды сақтау мен жаңғыртудың маңызы зор.
Цифрлық дәуірде патриотизм әлеуметтік желілермен интернет кеңістігінде де өз орнын тапты. Цифрлық патриотизм – еліміздің жетістіктерінжаһандық деңгейде насихаттау, жалған ақпараттармен теріс пікірлерге қарсы тұру арқылы көріністабады. Бұл – шындық пен әділдікті қорғау, ұлттықмүддені цифрлық алаңда да қорғай білу.
Патриотизм, бұл – өз елінің өркендеуіне шын ниетімен үлес қосқан әр азаматтың күнделікті іс-әрекетінен, нақты қадамдарынан көрінетін шынайықұндылық. Патриотизм мен білім – бір-біріментығыз байланысты екі ұғым. Ал, нағыз патриот болу үшін өз елінің тарихын, мәдениетін, географиясын, заңдарын білу маңызды. Соныменқатар, заманауи ғылым мен технологияны игеру – елдің дамуына үлес қосудың тікелей жолы.
Білімді азамат – мемлекетіміздің тірегі. Әсіресе, қоғамның іргетасын қалаушы басты буын ретінде — инженер, дәрігер, мұғалім, IT-мамандар саналатыны белгілі. Бүгінде жоғары сұранысқа сайбұл мамандық иелері өз саласында кәсіби шеберліктерін көрсетіп, елдің өркендеуіне үлестерін қосып келеді. Ал ғалымдар мен зерттеушілер – инновациялар мен ғылыми жаңалықтар арқылы ел беделін халықаралық деңгейге шығаруда. Жалпы шетелде білім алған жастар – білімін елге пайдаланып, жаңа көзқарас, тәжірибе алып келеді. Сондықтан қазіргі жаһандану дәуірінде біздің елімізде жастардың бойындағы отансүйгіштік сезімін одан әрі нығайту үшін нақты іс-шаралар қолға алынуда. Бұл ретте еліміздің білім беру жүйесінде патриоттық тәрбиеге айрықша басымдық беру – маңызды міндет. Патриотизмді жас буынның бойына мектеп қабырғасынан жүйелі түрде қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаттары, жобалар, әскери-патриоттық клубтар тұрақты түрде өткізілуде. Бұдан бөлек, елімізде «Болашақ», «Серпін», «Жас маман», «Дарын» бағдарламалары арқылы жастардың сапалы білім алуына жағдай жасалыпкеледі.
Бірақ, жастар арасындағы отансүйгіштік сезімді күшейту – тек білім беру саласының ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Сондықтан жалаң ұран мен насихат жеткіліксіз. Бастысы, жас буынға сапалы білім беріп, елдің дамуына қатысуға мүмкіндік жасау – патриоттық тәрбиенің ең тиімді жолы. Өйткені, білім мен патриотизмді ұштастыра білген жас – ел болашағының кепілі.
Әлия ӘУЕСБЕКОВА








