Жастар елдің — тірегі!

0
315

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа адамдар» қозғалысының белсенді өкілдерімен кездесуінде «Біздің көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сөзі бар. Шын мәнінде, мен де жастарға сенемін. Баршаңызды қолдаймын. Расында, біздің елімізге сіздер сияқты белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында, – деген еді.

Жастар елдің — тірегі, үкілі үміті.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның бүгінгі жастарға байланысты тұрғын үй қолжетімділігі, тұрақты жұмыс, болашаққа сенім мәселелері төңірегіндегі тақырыбы өте өзекті.

«Бақыт деген — таңертең жұмысқа асығу, кешке үйге баруға асығу» дейміз ғой. Бастысы — дұрыс бағыт таңдау.

Өздеріңіз білесіздер, ер азаматтың үш парызы бар:

1) Ағаш отырғызу;
2) Үй салу;
3) Бала тәрбиелеу.

Бүгінгі тақырыптың «Тұрақты жұмыс» деген бөлігіне тоқталсам, жұмыс тұрақсыз болса, тұрақты табыс та болмайды.

Еңбек нарығында мәселелерді майшаммен қарайтын маңдайалды мамандардың бірі — британдық экономист Гай Стэндинг «Прекариат» терминін енгізген екен. «Тұрақсыздық» дегенді білдіреді.

Ол бұны «Қоғамда жаңадан қалып­та­сып келе жатқан тап», – деп атайды және «Қауіпті тап», – деп айқындайды. Яғни ертеңін нақты болжай алмайтын адамдар.

Бұл мәселе бізде де кездеседі. Әлеуметтік және саяси көрсет­кіш­тер­ін айқындауымыз керек. Тұрақты жұмыстың берекесі болады. Үй де болады, бәрі де болады.

Биыл — «Жұмысшы мамандықтар жылы». Яғни аула сыпырушылар, электрик, сантехник және т.б. Жалақыларынан бастап, әлеуметтік қолдауды күшейте түсу керек деп ойлаймын. Басқа салалар бойынша да.

Спикер ретінде шақырған ЖСДП өкілі Нұржан Ибрагимовке алғысымды білдіремін. Жұмыстарыңыз берекелі болсын!

23.09.2025, Алматы қаласы.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, PhD докторы
Қуаныш Жұмабекұлы


ПІКІР ЖАЗУ