Рингке шықпай-ақ Азия чемпионатының жартылай финалында

0
12

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі Диас Молжігітов жекпе-жек өткізбей-ақ Таиландтағы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Диас Молжігітовпен кездесуі керек болған жапон боксшысы шаршы алаңға шыға алмайтыны белгілі болды. Сондықтан қазақ боксшысы жартылай финалға жолдама алды.

Осылайша Молжігітов ақтық сынға өту үшін 8 желтоқсанда Украина-Түркіменстан жұбының жеңімпазымен күш байқасады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы Милана Сафронова тайбэйлік қарсыласы Ли Мин жекпе-жектен бас тартқандықтан бірден жартылай финалға өткен еді.

Бүгін, 4 желтоқсанда Азия чемпионатының ширек финалында 4 қазақстандық боксшы бақ сынайды. Дулат Бекбауов малайзиялық Арифф Айман Мухаммадпен, Абылайхан Жүсіпов түрікменстандық Байрамдурды Нұрмұхаммедовпен, Айгерім Сәттібаева филиппиндік Офелия Маньомен, Сымбат Әлиасқар қытайлық Вен Шань Хумен жұдырықтасады. Жекпе-жектер Қазақстан уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады.

Фото әлеуметтік желіден алынды


ПІКІР ЖАЗУ