Астероид Якутияның үстінен өтті
Бірақ аспан денесі Жерге жетпей ауа қабатының төменгі бөлігінде жанып кеткен, деп хабарлайды 24kz. Даппарай ауылында түсірілген кадрда астероидтың жарқырай лапылдап, түнгі аспанда өшіп, жоқ болып кеткені көрініп тұр. Бұдан адамдарға ешқандай зиян келмеген. Мамандар аспан денесінің көлемі 1 метрге жетпейтінін айтады. «Роскосмос» мұндай жағдайдың тарихта 11-рет қайталанғанын алға тартады.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды