Болашақ ойындары-2026 басталды

0
6

Астанада «Болашақ ойындары — 2026» сайысы басталды. 29 тамыз халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтіп, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі. Дода 9 тамызға дейін жалғасады. Жарысқа әлемнің 34 елінен келген 800-ден астам спортшы сайысқа түседі, — деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық телеарнасы.

Ашылу салтанатына Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан президенттері қатысты.

Жарысқа қатысушылар фиджитал спорт, футбол, баскетбол, шутер, би, жекпе-жек, Dota 2, PUBG ойындары бойынша бақ сынайды. Қазақстан атынан аталған турнирге 11 команда қатысады.

«Болашақ ойындары — 2026» халықаралық турнирінің жүлде қоры 4 миллион 650 мың АҚШ долларын құрайды.


ПІКІР ЖАЗУ