Қазақстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясыГонконгта өтіп жатқан әлемдік семсерлесу сайысында Қазақстан алтын медаль жеңіп алды. Бұл — семсерлесу чемпионатындағы алғашқы тарихи жеңіс.
Қазақстан құрамасының сапында Руслан Курбанов, Кирилл Прохоров, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай өнер көрсетті. Олар финалға дейін Финляндияны (45:39), Өзбекстанды (28:27), Данияны (45:36) және Мысырды (41:32) жеңді.
Шешуші кездесуде қазақстандықтар Украина құрамасымен бақ сынасты. Бесінші раундта Вадим Шарлаимов тобығын жарақаттап алып, оған медициналық үзіліс қажет болды. Соған қарамастан Шарлаимов өз жекпе-жегінде жеңіске жетті. Кейін оның орнына Руслан Курбанов шықты.
Тоғыз жекпе-жектің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 45:40 есебімен жеңіске жетті. Украина құрамасы күміс жүлдеге ие болса, қола медаль Мысыр құрамасына бұйырды.







