Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты

Фото: Darren Walsh/Chelsea FC
Қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін тарихи әрі ұмытылмас сәт орнады. «Қайраттың» түлегі әрі еліміздің басты таланты Дастан Сәтпаев лондондық «Челсидің» негізгі құрамы сапында өзінің алғашқы дебюттік голын соқты. Аустралияда өтіп жатқан маусымалды дайындық аясындағы «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы матчта Дастан негізгі құрамда алаңға шығып, өзінің жоғары деңгейлі шабуылшы екенін дәлелдеді.
«Челси» бас бапкері ойыннан кейін Дастанды «ерекше ойыншы» деп атап, оның суыққандылығы мен алаңды көре білу қасиетін жоғары бағалады. Ұлттық құрама ардагері оның талантын ерекше атап, болашақта еуропалық деңгейдегі үздік жұлдыздармен иық тіресе алатын әлеуеті бар екенін айтты.







