Алматыда 27 жастағы альпинист жарнама тақтасын ілемін деп ажал құшты
Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің біріне жарнама тақтасын іліп жатқан 27 жастағы өндірістік альпинист биіктен құлап кеткен деп хабарлайды democracy.kz ақпараттық порталы kaz.inform.kz -ке сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан «Assem Plaza» тұрғын үй кешенінде болды. Қалалық полиция альпинистің оқиға орнында қаза тапқанын растады.
– Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі 27 жастағы жігіттің өліміне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды