Ономастикалық мәселелердің шешімі — тарихи құжаттар

Тарихшы, зерттеуші Ғалымжан Төлепбергенов «Democracy» сайтына берген сұхбатында:
«Жер-су атауларын қоғам талқысына салу — жоқ жерден мәселені саясаттандыру», — деп атап өтті.
Мәскеу телевизиясын тыңдайтын, бұрынғы ескі көзқараспен өмір сүретін адамдардың пікірін аңдып, бұл мәселенің шешімін таба алмайсыз.
Мұндайда деректердің дәлелді базасын жасайтын тек тарихи құжаттар ғана.Біз кез келген атауды «Памятная книга» шежірелері немесе Щербина экспедициясының материалдары тұрғысынан дәлелдеуіміз керек.
Өйткені барлық мәселе тарихты бұрмалаудан басталады. Сондықтан халыққа жер-су атауларының шынайы тарихы туралы ақпаратты дұрыс жеткізуіміз қажет деді Ғалымтай Төлепбергенов.







