ҚР ҰҒА мен ҚазҰУ-дың алғашқы бірлескен жобасы

0
9

Соңғы жылдары Қазақтан ғылым саласының дамуына айтарлықтай жағдай жасады.  2024 жылы мемлекеттің Ғылым және Заң жобасын қабылдауы елдегі ғылым саласын дамытудың басты алғышарты болды. Бұдан бөлек, аталған салаға бөлінген қаржы көлемі жыл сайын артуда. Ресми деректерге сәйкес, соңғы 5 жылда ғылым саласына бөлінген қаржы мөлшері 6 еседен асады.  Ғылым саласын қолдау- ел дамуының негізгі күші дейді —  ғалымдар.

Қазақстанда 12 сәуір— Ғылым  қызметкерлерінің күні.  Елімізде жыл сайын 7-12 сәуір аралығы Ғылым апталығы аталып өтеді. Аталмыш мерекеге орай, елімізде  ғылым саласын дамытуға  арналған бірнеше шаралар өтіп жатыр.  Соның ішіндегі ірі жобаларға тоқталып өтетін болсақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бірлесе  алғаш  рет академик пен жетекші ғалымдар мен жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған ашық дәрістер циклін өткізуде. Жобаның мақсаты— академиктердің бірегей тәжірибесін жас буынға тікелей беру мен іргелі ғылым мен университет  қоғамдастығы арасында алтын көпір құру дейді-ҚР-ның Ұлттық Ғылым академиясы.

Фото:Facebook желісінен

Аталған шараны ҚР Президентінің жанындағы ҰҒА академигі, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы  инситутының молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі Ерлан  Кеңесбеков сөз бастады. Ол аталмыш шарада « Ауыл шаруашылығы дақылдарының заманауи селекциясындағы өсімдік геномикасының рөлі» тақырыбында дәріс оқыды. Академик елімідің географиялық аймақтарының әртүрлілігін ескере отырып, әр өңірге тән арнайы селекциялық бағдарламалар әзірлеудің қажет екенін айтты.

Бұдан бөлек, шараға ҚР ҰҒА академигі, «Persona» халықаралық репродуктология  клинкалық орталығының басшысы Вячеслав Нотанович  Локшин қатысты. Ол  репродуктивті медицинаның қазіргі мүмкіндері туралы сөз сөйлеп, репродуктивті медицинаның сапалық түрғыдан жаңа деңгейге көтерілгенін, бұл сала елдің демографиялық саясатты жүзеге асыруда басты рөл ойнайтынын жеткізді деп хабарлайды ҚР-ның Ұлттық Ғылым академиясы.

ФОТО; Facebooк желісінен

Репродуктивті медицина- ерлер мен әйелдердің ұрпақ өрбіту қабілетін сақтауға, бедеулікті емдеуге, дені сау бала туылуын қамтамасыз етуге арналған медицинаның бір саласы.

Қорытындылай келе, Ғылым- адамзат өркениетінің бастауы, мемлекет дамуының негізгі күші.  Ал ғылым саласын дамытуға арналған шаралар- ел ертеңі мен болашағының негізгі күші.

 

 

 


ПІКІР ЖАЗУ