12 жасында қажы атанды

0
44

Қазіргі уақытта жастарымыздың дінге деген қөз қарастары ерекше. Мұны әлеуметтік желіден де, айналамыздан да байқауға болады. 12 жасар баланың қасиетті мекен Меккеге барғандығы тик ток әлеуметтік желісінде тараған.
Жәнібектің айтуынша ол жерге баруды 10 жасынан бастап тілеген. Ол өз сөзінде
– Анам сыйлаған жолдама мен әжем осы мекенге барған болатын, сол кезден бастап, менде Алладан мені осы жерге шақыруын сұрадым, сол дұғам қабыл болған шығармын,- дейді.
“Өзінің ішкі сезімің, не сезініп жатырсың”,- деген сұраққа бала
– Бір жағынан дем алып, ішімнен рухани байып жатырмын. Бұл жақтағы соңғы күнім болғандықтан қимай отырмын,- деп жауап берген.
“Қимай жатқаның ертең елге барып, сабаққа барам‐ ау дегеннен емес пе, сол үшін қала берейінші деп жатқан жоқсың ба?”,‐ деген әзіл сұраққа ол
– Жоқ, осы жер маған қатты ұнап қалды ,‐ деп жауап берді.

 

Ал, сіздердің мұндай жайтқа көз қарастарыңызбен пікірлеріңіз қандай?

 


ПІКІР ЖАЗУ