«Біз Қазақстандағы АЭС құрылысын қолдаймыз!»: АЭС құрылысы қызу талқыға түсуде

0
266

Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты петиция талқыланып жатыр. Жаңа энергетика көзін қолдаушылар халықты қолдауға шақыруда. 

Бүгінде Қазақстандағы АЭС құрылысы қостараптық пікірмен талқыға түсуде. Үлкен ауылының тұрғындары энергетика тапшылығы глобальды мәселе екенін және АЭС бұл проблемамен күресудің бірден-бір жолы екенін айтуда:

«Екібастұздықтардың аяздың ортасында жарық пен жылусыз қалғаны бәріміздің есімізде. 10 жылдан кейін, Егер бүгін шара қолданылмаса, мұндай жағдайда жарты ел суықта қатып қалары анық. Біріншіден, атом электр станциясы парниктік газдар шығармайды және көмір немесе табиғи газ станциясына қарағанда әлдеқайда аз отын тұтынады. Атом реакторы электр энергиясының максималды көлемін тәулік бойы 60 жыл немесе одан да көп уақыт бойы өндіре алады.
Екіншіден, Атом энергиясы экологиялық таза және қауіпсіз! Ол бүкіл әлемде жасыл деп танылды. Ғалымдар заманауи реакторлардың қауіпсіздігі мен сенімділігін растайды.
Үшіншіден, АЭС құрылысы өңір мен ел экономикасының дамуына алып келеді. Әлеуметтік сала, ғылым дамиды, жаңа технологиялар, өндіріс пайда болады. Үлкен ауылының орнында тұтас қала пайда болады. Төртіншіден, АЭС салу және іске қосу біздің өңірдің тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл Қазақстанның мамандары үшін де жаңа жұмыс орындарын ашады. Бесіншіден, Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін үлкен әлеуетке ие. Біздің еліміз уран өндіру бойынша әлемде бірінші орында. Бізде ядролық отын өндіріледі. Атом энергетикасының болашағы зор. Әлемнің барлық алдыңғы қатарлы елдері атом энергетикасына көшті және ол бізге де керек» делінген Үлкен ауылы тұрғындары жариялаған петиция мәтінінде.

Петицияға қатысты белгілі энергетик Жақып Хайрушев пікір білдірді. Ол өзінің Telegram арнасында жаңартылған энергия көздерін (ЖЭК) ешкім шектемейтінін және заман талабына сай тиімді энергия көзін қолдау қажет екенін атап өттті:

«Толықтай келісемін. ЖЭК-ті ешкім шектемейді. Бұл сала қарқынды дамып келеді, жақсы қарқын алуда, көптеген инвесторлар да бар. АЭС — ке келетін болсақ, бұл энергияның мүлдем басқа сегменті және біз оны да дамытуымыз керек. Желіде атом электр станциясының құрылысын қорғау туралы петиция пайда болды. Рас, оның авторы кім екенін білмеймін, бірақ өз басым «қолдаймын»деп дауыс бердім. Артық болмайды. Сондықтан мен заманауи, сенімді және экологиялық таза энергияның барлық жақтастарын да өз дауыстарын қалдыруға шақырамын» деді Жақып мырза.

Петиция мәтінін осы сілтемеден оқып, өз даусыңызды қалдыра аласыз: https://alash.online/1544-ulken.html

Кілтсөздер:аэсқұрылыс


ПІКІР ЖАЗУ