Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру жоспарлануда

0
6

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің мәлімдеуінше, Үкімет төменгі жалақы деңгейін 150 мың теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отыр. Бұл ұсыныс әзірге күшіне енбеді. Вице-министр аталған өзгеріс бюджет мүмкіндіктеріне байланысты жүзеге асатынын айтты. 2024 жылдан бері елімізде ең төменгі жалақы мөлшері 85 мың теңгені құрайды.
Статистикалық деректерге сүйенсек, 2025 жылы ең төменгі жалақы алатын халық саны 1 миллионды құраған. Оның ішінде төменгі жалақыдан да аз алатын азаматтар саны 329 мыңды құраған.
Азамат Әмриннің сөзінше, халықаралық тәжірибе бойынша, ең төменгі жалақы медианалық жалақының 50%-ына тең. Ал елде медианалық жалақы мөлшері шамамен 302 мың теңгені құрайды. Осыған сәйкес, Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін 150 мыңға дейін көтеруді жоспарлап отыр. Соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанда орташа жалақы 429 мыңды құраса, ең жоғары жалақы салаға байланысты 1,5-3 миллионды құрайды.


ПІКІР ЖАЗУ