15 сәуір — Ғашықтар күні

0
12

15 сәуір — Ғашықтар күні. Ел арасында бұл мереке «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күні ретінде танымал. Бұл мереке — ғашықтығы отбасы құрумен жалғасқан әр жұптың мерекесі.
Статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 114 мыңнан 128 мыңға дейін неке қиылады. 2026 жылғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 3,5 айда елімізде 21 мың 351 неке тіркелген деп хабарлайды — Nur.kz.
Отбасы құру жөнінде Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Қазақстанда некеге тұрудың орташа жасы: ерлер үшін — 27-28 жас, ал әйелдер үшін — 24-25 жас.
Ғашықтар күні елімізде 2011 жылдан бастап тойланып келеді. Мерекенің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» аталу себебі — қазақ лиро-эпосының символы Баян мен Қозы арасындағы махаббатты көпшілікке паш ету мақсатынан туған. Бұдан бөлек, қазақ тарихында махаббат дастаны ретінде Еңлік-Кебек, Ләйлі-Мәжнүн, Қыз Жібек – Төлеген секілді аты аңызға айналған ғашықтар өте көп.
Олардың хикаясы мұңды аяқталса да, біз барлық жұптарға баянды бақ  тілейміз. Ғашықтар күні құтты болсын!


ПІКІР ЖАЗУ