Шымкентте «Ақ жол» Демократиялық партиясының отырысы өтті.

0
11

Бүгін Шымкент қаласында «Ақ жол» Демократиялық партиясының кеңейтілген отырысы өтті. Оған ҚР Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті басшылығы қатысты. Одан бөлек, «Ақ жол» Демпартиясының төрағасы Азат Перуашев, фракцияның Мәжіліс депутаттары және оңтүстік өңірлердің кәсіпкерлері қатысты. Аталған жиын Салық кодексін енгізудегі мәселелерді талқылау бойынша өтті.
Еске салсақ, елімізде қаңтар айынан бастап Жаңа салық кодексі енгізілді. Жаңа салық кодексі аясында арнаулы салық режимдерінің саны жетіден үшке дейін қысқарды. Нәтижесінде салық кодексінде үш негізгі режим қалды. Олар: оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі, екінші — өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі, үшіншісі — шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы жаңа салық кодексінің жобасын қабылдауда қарсы дауыс бергенін хабарлайды Партияның Қызылорда өңірлік аймағының өкілі. Ал бүгін партия мүшелері жылдың I тоқсаны аяқталуына байланысты, жаңа кодекстің қолданысқа енгізілуіндегі кемшіліктер мен оларды шешу жолдарын талқылады. Аталған жиын сұрақ-жауап пен пікір алмасу форматында өтті. Жиынға «Ақ жол» ҚДП-сының Қызылорда, Тараз, Алматы, Жетісу аймақтарының өкілдері де қатысты.


ПІКІР ЖАЗУ