25 қыркүйек – Аза тұту күні

0
22

Бүгін, 25 қыркүйек – Маңғыстаудағы трагедияға байланысты аза тұту күні. Еске салсақ, 24 қыркүйек күні Маңғыстау облысында ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Каспий теңізі жағалауындағы жаттығу барысында ауа райы күрт нашарлап, 19 сарбаз теңізге ағып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары кезінде 12 сарбаздың мәйіті табылып, 3 сарбаз құтқарылды. Ал қалғандары іздестірілуде.

Қайғылы трагедияға байланысты арнайы бақылау комиссиясы құрылды.

Қаза тапқан сарбаздардың жақындарына қайғыра көңіл айтамыз!


ПІКІР ЖАЗУ