Астана Операда» «Щелкунчик» балетінің көрсетілімі 27 қыркүйекке ауыстырылады

0
36

«Астана Опера» сахнасында 2026 жылдың 25 қыркүйегіне жоспарланған «Щелкунчик» балетінің көрсетілімі жексенбі, 27 қыркүйекке ауыстырылады.

Спектакльдің ауыстырылуы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күнінің жариялануымен байланысты.

25 қыркүйектегі спектакльге сатып алынған барлық билет 27 қыркүйекте жарамды болады, сондай-ақ билеттерді қайта айырбастау талап етілмейді.

Спектакльге жаңа датада келе алмайтын көрермендер сатып алынған билеттер үшін қаражатты белгіленген тәртіппен қайтарып ала алады. Билеттерді қайтару мәселелері бойынша өтініштер билетті сатып алу әдісіне байланысты Ticketon онлайн-сату сервисі арқылы немесе театр кассасында жұмыс тәртібіне сәйкес қарастырылады.

«Астана Опера» ұжымы Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

— Жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасамыз және оларға бұл орны толмас қазаны көтеруге күш-қуат тілейміз, — деп атап өтті әртістер.

 

 

 


ПІКІР ЖАЗУ