Отандасымыз Нұрқанат Серікбаев дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді

0
27

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңартылған рейтинг бойынша Гран-приде жеңіске жеткен 66 келідегі Нұрқанат Серікбаев алты сатыға жоғары көтеріліп, үздік ондыққа кірді. Қазіргі таңда қазақстандық спортшының қоржынында 2748 ұпай бар.

Рейтингтің басында көш бастап тұрған — Хифуми Абэ. Жапондық спортшының  қоржынында 5200 ұпай бар. Ал екінші орынға 5000 ұпаймен оның жерлесі Такеши Такеока жайғасты. Ал үшінші орынды Тәжікстан өкілі Нурали Эмомали еншіледі.

Жаңартылған рейтинг бойынша Қазақстан спортшылары төмендегідей нәтиже көрсетті:

60 келі салмақ дәрежесіндегі Аман Бақытжан 3 саты жоғары көтеріліп, 22-орынға тұрақтаса, 48 келі салмақтағы Ғалия Тынбаева 13 орынға жоғарылап, 38-сатыға жайғасты.  Екі спортшы Загребтегі  өткен Гран-приде қола жүлде иеленген болатын.

Бұдан бөлек Ерасыл Қажыбаев 40-орынға табан тіресе, Эсмигул Куюлова 36-орынға табан тіреді.


ПІКІР ЖАЗУ