Астанада әуе кемесі сынақтан өтті.

0
20

Болашақта адамдар кемемен суда ғана емес, әуеде де саяхаттай алатын болады. Бүгін Астана қаласында жолаушысы бар ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет сынақтан өтті. «Қазақстан» телеарнасының хабарлауынша, әуе кемесі «Болашақ ойындары — 2026» халықаралық турнирі аясында, арнайы рұқсат етілген аумақта сыналды. Аталған әуе аппараты электр қуатымен жұмыс істейді және 2 жолаушыны тасымалдауға қауқарлы. Оның ұшу жылдамдығы сағатына 130 шақырымды құраса, ұшу қашықтығы 35 шақырымға дейін жетеді. Бұл әуе кемесін болашақта шұғыл медициналық көмек көрсету, өрт сөндіру жұмыстары және дәрі-дәрмек тасымалдау ісіне қолдану жоспарланған.

 


ПІКІР ЖАЗУ