Жұмыссыз азаматтар тегін білім ала алады

0
13

Мемлекет ендігі кезекте оқу ақысын төлеп, азаматтарды тегін оқытады. Аталған бағдарлама еліміздегі жұмыссыз азаматтарға арналған. Мемлекет аталған азаматтарға шәкіртақы төлеп, 6 ай көлемінде тегін оқытады. Шәкіртақыдан бөлек, мемлекет тарапынан жол жүру шығыны мен тұрғын үй қаражатын да төлеу қарастырылған.

Бағдарламаға қатысушыларға ай сайын 43 500 теңге шәкіртақы төленсе, жол жүру шығыны үшін 17 300 теңге, ал пәтерақыға 65 мың теңге төленеді. Жыл басынан бері аталған бағдарлама бойынша 37 мыңнан астам азамат тегін білім алып, 20 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасқан.


ПІКІР ЖАЗУ