КҚК-да мұнай өндіру көлемі уақытша қысқарды

0
16

Каспий теңізіне жасалған шабуылға байланысты Каспий құбыр консорциумында мұнай тиеу мен өндіру көлемі қысқарды. Бұл шешім Қара теңіз акваториясындағы кемелер мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылған.

Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады.

Құбыр жүйесіне мұнай қабылдауға қойылған шектеулерге байланысты және резервуарлық парктердің шамадан тыс толып кетуіне жол бермеу мақсатында мұнай өндіруші компаниялар тәуліктік өндіру көлемдеріне жоспарлы түрде түзету енгізді. Соның нәтижесінде мұнай өндіру көлемі уақытша төмендеді. Бұл шара технологиялық сипатқа ие және өндірістік процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Министрліктің сөзінше, қазіргі таңда КҚК штаттық режимде жұмыс істеп тұр.


ПІКІР ЖАЗУ