Астанада әуе таксиі алғаш рет сынақтан өтті

Жаңа технологиялардың дамуы көптеген мүмкіндіктерге жол ашып, адам өмірін айтарлықтай жеңілдетті. Озық технологиялардың нәтижесінде адамдар енді аспанда да еркін жүре алады.
Бүгін қазақстандық «Alatau Advance Air Group Ltd.» (AAAG) компаниясы мен оның қытайлық серіктесі — «AutoFlight» авиациялық корпорациясы бірлесіп, елімізде ұшатын таксидің алғашқы ресми демонстрациялық сынағын сәтті ұйымдастырды. Тарихи көрсетілім Астана қаласындағы «Қазанат» ипподромында өтті. «AutoFlight Prosperity» әуе аппараты бір реттік қуаттаумен 200 шақырымға дейінгі қашықтықты бағындыруға қауқарлы. Болашақта бұл әуе көлігі Алматы мен Алатау қалаларының арасында қатынайтын болады.







