Жол ережесі бойынша жаңа заң енгізіледі

0
12

Елімізде жол-көлік оқиғаларының саны жыл сайын артып келеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2021–2025 жылдары жол-көлік оқиғасының саны 13 900-ден 36 100-ге дейін өскен. Бұл жол-көлік оқиғаларының соңғы жылдары 2,5 есеге өскенін көрсетеді. Ал апат салдарынан қаза тапқан адамдар саны 2270-тен 2330-ға өссе, жарақат алғандар саны 49 200-ді құрайды.

Осы мәселе бойынша Ішкі істер министрлігі мен заң шығарушы органдар жол жүру ережесіне қатысты жаңа заңдар мен ережелер енгізді.

25 тамыздан бастап, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар азаматтар міндетті түрде жүйелі медициналық тексеруден өтуі тиіс. Егер тексеру қорытындысы цифрлық жүйеге уақытылы енгізілмесе немесе анықтаманың мерзімі өтсе, жүргізуші куәлігінің қолданысы автоматты түрде тоқтатылады.

Сонымен қатар, мас күйде көлік айдағаны үшін қылмыстық істері айыптау үкімінсіз мысалы, тараптардың татуласуымен немесе амнистиямен тоқтатылған тұлғалар бәрібір көлік басқару құқығынан 8 жылға дейін айырылады. Олар куәлігін қайта алу үшін емтихан тапсырып, медициналық тексеруден қайта өтуі міндетті.

Бұған дейін самокаттарға тротуармен сағатына 6 км жылдамдықтан асырмай жүруге рұқсат берілген болатын.

25 тамыздан бастап бұл ереже жойылады: электросамокаттарға тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолдарымен жүруге мүлдем рұқсат берілмейді.Олар тек велосипед жолақтарымен, жол жиегімен немесе ең шеткі оң жақ жолақпен жүре алады.

 


ПІКІР ЖАЗУ