Қазгидромет еліміздегі аптап ыстықтың себебін айтты

0
12

Биылғы жаз бүкіл құрлықта аптап ыстықпен өтуде. Жаһандық жылыну салдарынан климат өзгеріп, ауа температурасы 45°C-тан асты. Аптап ыстық салдарынан Еуропада 1000-нан астам адам қаза тапты.

Орталық Азияға қарай ойыссақ, Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 45-46°C, ал елдің солтүстігінде ауа температурасы сенбі күні 37°C-қа дейін көтеріледі деп болжануда.

«Қазгидромет» кейінгі онжылдықтар 60 жылдық бақылау тарихындағы ең ыстық кезең болғанын, ал 2025 жыл еліміздегі метеобақылаулар тарихындағы ең жылы жыл ретінде тіркелгенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта Қазақстанның басым бөлігінде синоптикалық жағдай тұрақты антициклонның қалыптасуымен сипатталады. Ол бұлттардың түзілуіне кедергі келтіріп, жер бетінің қарқынды жылынуына және Орталық Азия мен Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуіне ықпал етті. Соған байланысты көптеген өңірде ауа температурасы +40…+46 градусқа дейін көтерілді», — дейді «Қазгидромет» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрсын Тіллакәрім Tengrinews-қа берген сұқбатында.


ПІКІР ЖАЗУ