Қазақстанда доллар бағамы арзандады

0
14

Қазақстанда доллар бағамы арзандады. Елімізде доллар 3,94 теңгеге төмендеді. 16 маусымдағы KASE биржасының күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 487,17 теңгені құрады. Бұған дейін биржадағы доллардың орташа бағамы 491,11 теңге болған еді.

Доллар бағамының арзандауына әлемдік геосаяси жағдай мен АҚШ және Иран арасындағы келісім әсер етті. Екі ел арасындағы уағдаластық нәтижесінде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеп, бұл процесс елдегі доллар бағамының түсуіне ықпал етті.


ПІКІР ЖАЗУ