Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті: Түркі халықтарының мұрасын сақтауға бар күшімді саламын.

0
2

«Уәде» бағдарламасында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті және профессор Ақтоты Райымқұлова қонақта болды. Ол қордың жұмысы туралы сұқбат беріп, атқарылған жұмыс нәтижелерімен бөлісті.

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры — түркі халықтарының материалдық және мәдени мұрасын қорғауға, зерттеуге және қалпына келтіруге, әлемдік және халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған ұйым. Ұйым 2012 жылы Түркі мемлекеттері саммитінде құрылған. Аталған ұйым Әзербайжан Республикасының Баку қаласында орналасқан. Қорға Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан мемлекеттері мүше. Қазақстан аталған ұйымға 2023 жылдан бастап басшылық ете бастады.

Түркі мәдениеті және мұрасы  қорының мақсаты — тек тарихты түгендеу емес, оны заманауи бағытта әлемге паш ету, түркі мәдениетін жаһандық трендке айналдыру. Ақтоты Райымқұлова бағдарламада қордың мақсатына сәйкес жүргізілген жұмыстарға тоқталып өтті.

Біздің мақсатымыз — мәдени мұраны сақтау және насихаттау болғандықтан, халықаралық деңгейде конференциялар мен іс-шаралар ұйымдастырамыз. Сондай-ақ, Youtube желісінде Turk Discovery атты бейнежобамыз бар. Аталған жобада тарихи орындар мен ескерткіштер таныстырылады. Сонымен қатар Мажарстан, Әзербайжан, Түркия, Қырғызстан елдерінде халықаралық және ғылыми конференциялар ұйымдастырамыз.

Мұраны насихаттау тек кітап шығару ісі ғана емес, оларды цифрлық айналымға келтіру – дейді қор басшысы.

Қазақстандық ғалымдар мен цифрландыру саласында еңбек етіп жүрген жастармен бірлесе цифрлық портал құру жұмыстарын қолға алынып жатыр. Қазіргі таңда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен құрылған e-museum.kz сайты мен Түркі мәдениеті және мұрасы қорының  turik culture.kz  цифрлық сайттары жұмыс жасайды. Онда 100 мыңнан астам жәдігер цифрландырылған, сонымен қатар 3D форматында жасалған жәдігерлердің нұсқалары бар.

Бұдан бөлек, Alem-ai халықаралық жасанды интеллект орталығында Turik Heritage  платформасы әзірленіп жатыр.  Жоба биылғы жылдың соңына дейін іске қосылады.

Аталған  қор жас ғалымдар мен жастарға біршама мүмкіндіктер ұсынады дейді Ақтоты Райымқұлова. Аталған қор жастардың білімін арттыру мақсатында түрлі бағдарламалар жұмыс жасайды.  Аталған бағдарламалар Қазақстанның Түркістан, Ұлытау аймақтарында жұмыс жасайды. Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында түркі мұрасын насихаттау бойынша түрлі салаларда мәдени орталықтар ашылып келеді. Сонымен қатар Баку, Польшаның Варшава қалаларындағы жоғары оқу орындарында да арнайы орталықтар ашылған.

Түркі елдерінің мәдениеті мен мұрасын бір арнада тоғыстыру мақсатында түркі дүниесінің виртуалды музейін құру алдағы уақытта жоспарда бар дейді қор басшысы. Сонымен қатар виртуалды архив пен кітапхана да іске қосылмақ.

Ақтоты Райымқұлова Түркі өркениетінің орталығы немесе музейі Қазақстанда ең алдымен Түркістан қаласында ашылуы керек деп санайды.

Түркістан — түркі мәдениетінің, түркі дүниесінің астанасы. Бүгінгі күнде бүкіл түркі халықтары бұны мойындайды деді қор Президенті.

Ақтоты Райымқұлова Бішкектегі самит шешімімен әзірленген көптомдық Түркі фольклорының антологиясын таныстырды. Оның ішінде батырлар жыры мен эпостар бар. Аталған еңбек 5 томдық жинақ ретінде жарық көрген. Аталған еңбекті цифрлық форматқа енгізу жоспарланған.

Бағдарлама соңында Ақтоты Райымқұлова Түркі халықтарының мұрасын сақтауға бар күшін салуға уәде берді.


ПІКІР ЖАЗУ