2000 теңгелік монеталар айналымға енеді

0
9

Қазақстан Ұлттық Банкі «Altyn Orda» деп аталатын жаңа 2000 теңгелік монетаны айналымға шығарады. Ұлттық Банктің хабарлауынша, монета 925 сынамалы күмістен тұрады, массасы — 62,2 грамм, диаметрі — 50 мм, таралымы — 1 000 (бір мың) дана.

Аталған монета елдің барлық аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылданады, банктік шоттарға есепке алынады.

Былтырғы жылы Ұлттық Банк аталған теңгенің ромб тәрізді «Mysyrlyq Tanym» коллекциясын шығарған. Коллекцияда Мысыр құдайлары бейнеленген. Аталған монета 400 данамен шығарылды.

Ал 2012 жылы қолданысқа енген 2000 теңгелік купюра 24 маусымнан бастап қолданыстан шығады. Аталған өзгерістер валюта қауіпсіздігін арттыру мен ақша айналымын азайту және дизайнды жаңарту мақсатында іске асырылады.


ПІКІР ЖАЗУ