Жиһанкез қария Сәрсенбай Қотыраш марапатталды

El.kz
Парижге жаяу жеткен 76 жастағы қария Сәрсенбай Қотыраш «Құрметті спорт қызметкері» атағымен марапатталды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Ulytauman лақап атымен танылған қария сапарын 3 наурызда бастаған. Ол Сербия, Мажарстан, Аустрия, Германия, Франция елдерін жаяу жүріп өтіп, елге 27 сәуір күні оралған. Бұл — қарияның аталған елдерге кезекті төртінші сапары. Ол 53 күнде 3 мың шақырымға жуық жолды жүріп өткен.
Сәрсенбай Қотырашев 2022 жылы 72 жасында Қазақстанның 17 облысын жаяу аралаған. 2023 жылы Атыраудан жолға шығып, Кавказ бен Грузия арқылы Түркия қаласына барса, 2024 жылы Өскеменнен бастап, Алтай, Моңғолия арқылы Қытайға барған.








