Кітап-білім бұлағы

Бүгін — ұлттық кітапханашылар мен кітап күні. Аталған мереке 2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде бекітілді.
ЮНЕСКО дерегі бойынша әлемде жыл сайын 2 миллионға жуық кітап шығарылады. Ал әлемдегі ең үлкен кітапхана — Вашингтонда орналасқан Конгресс кітапханасы. Ондағы кітаптар әлемнің 470 тілінде жазылған.
Ал Қазақстанда соңғы мәліметтер бойынша 12 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейді. Онда 110 миллионнан астам кітап қоры бар. Ең көп кітапханалар орналасқан өңір ретінде көш бастап тұрған — Түркістан облысы. Онда 388 кітапхана бар. Ал Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана еліміздегі ең үлкен кітап қоры бар ғимарат ретінде белгілі.








