Доллар бағасының күрт өсуі: Әлемдік геосаяси жағдай тұрақтанды ма?

Доллар бағасы күрт өсті. Соңғы ресми деректерге сәйкес, доллар бағамы бір күнде 479 теңгеге жетті. Қазақстанда доллардың қымбаттауы мұнай бағасының арзандауынан туындап отыр деп хабарлайды «Stan.kz» ақпарат агенттігі.
Еске салсақ, соңғы жылдары Таяу Шығыстағы жағдай ушығып, Палестина мен Израиль мемлекеттері қақтығыс ошақтарына айналды. Соңғы уақытта екі ел арасындағы текетірес үдеп, қарулы қақтығысқа АҚШ пен Иран мемлекеттері қосылды. Ақпан айында АҚШ пен Израиль Иранға зымырандар ұшырып, Иран оған жауап ретінде АҚШ-тың басқа елдердегі әскери базаларына соққы жасады. Сонымен қатар, мұнай мен газдың негізгі тасымал жолы — Ормуз дәлізін жауып тастады. Бірнеше айға созылған қақтығыстың нәтижесінде доллар бағамы күрт төмендеп, мұнай мен газ бағасы қымбаттады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранның бұл әрекетін қатаң айыптап, егер Ормуз дәлізі толық ашылмаса, елдегі электр станциялары мен маңызды нысандарға шабуыл жасайтынын мәлімдеді. 7-8 сәуір аралығында Дональд Трамп егер Иран аталған дәлізді толық ашса, қарулы қақтығысты екі аптаға тоқтататынын айтты. Бұл мәлімдемеге сәйкес, Иран үкіметі Вашингтонға 10 тармақтан тұратын ұсыныс жолдаған деп хабарлайды «24.kz» ақпарат агенттігі.
Уақытша бітім ресми түрде жарияланып, мұнай бағасы төмендегендіктен, Қазақстанда доллар бағасы рекордтық деңгейге көтерілді. Әзірге екі ел арасындағы жағдай тұрақсыз. Сарапшылар алдағы уақытта доллар бағамы 526-553 теңгеге дейін өсуі мүмкін екенін алға тартып отыр.
Тастанбек Аяулым Шалхарқызы








