Қазақстан мен Әзірбайжан университеттер ынтымақтастығы аясында келісім-шарттар жасалынды.

0
14

6 сәуір күні Алматы қаласында Қазақстан мен Әзірбайжан жоғары оқу орындары ректорларының II форумы өтті. Аталған форумда екі ел арасындағы жоғары білім беру жүйесін дамытуға қатысты мәселелер талқыланды. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Әзірбайжан Республикасының ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев қатысты деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі. Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанның 62 университеті Әзірбайжанның 81 университетімен ынтымақтасады. Саясат Нұрбектің мәлімдеуінше, еліміздің 58 университетінде әзірбайжандық 333 студент білім алса, Әзірбайжан мемлекетінде 142 қазақстандық студент білім алады. Екі ел арасындағы жоғары білім беру жобасы бойынша 188 келісім жасалып, 63 меморандумға қол қойылған.
Бұдан бөлек, елімізде Әзірбайжан жоғары оқу орындарының көрмесі басталды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Farabi Hub инновациялық орталығында «Study in Azerbaijan» атты Әзірбайжан жоғары оқу орындарының халықаралық көрмесі салтанатты түрде ашылды деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі. Аталған көрмеге Әзірбайжанның 25-ке жуық үздік университеті қатысып жатыр. Көрме аясында талапкерлер мен студенттер білім беру бағдарламаларымен, гранттармен және академиялық ұтқырлық жөніндегі біршама шарттармен таныса алады дейді Kazinform ақпарат агенттігі.
Аталған шарада арнайы ұтыс ойыны ұйымдастырылып, екі қазақстандық талапкер Әзірбайжанның Сумгаит мемлекеттік университетіне грант ұтып алды. Аталған көрме 7-8 сәуір аралығында өтеді.
Қорытындылай келе, аталған іс-шаралар екі ел арасындағы білім саласының дамуы мен екі елдің жоғары оқу орындарындағы кадр даярлау тәжірибелерін жақсартуға септігін тигізеді


ПІКІР ЖАЗУ