Шымкентте оқушыларға отбасы құндылықтарын насихаттайтын жаңа жоба жүзеге асырылды

0
48

Отбасыәрбір адамның тұлғалық қалыптасуында шешуші рөл атқаратын ең маңызды орта. Әсіресе әке мен бала арасындағы байланыс, олардың өзара сенімі мен түсіністігі жас ұрпақтың рухани өсуіне, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына зор ықпал етеді. Осы мақсатта Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған «Әкеге хат» жобасы сәтті жүзеге асырылды.

Жобаның басты мақсатыәке мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен сенімді нығайту, әкеге деген құрмет пен ізетті арттыру. Сонымен қатар, бұл бастама балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, өз сезімдері мен ойларын еркін әрі әсерлі жеткізуге мүмкіндік берді.

Аталмыш жоба оқушыларға отбасылық құндылықтарды жаңаша қырынан бағалауға жол ашты. Жоба барысында балалар әкелеріне деген құрметін, сүйіспеншілігін және ризашылығын шығармашылық туынды арқылы жеткізіп, отбасы тәрбиесінің маңызын тағы бір мәрте айқындап берді.

Байқауға ауданның 8-11 сынып оқушылары арасынан 108 жас қатысып, өз әкелеріне арналған жүрекжарды хаттарын шығармашылық тұрғыда ұсынды. Олардың әр туындысы әкенің отбасындағы рөлін, еңбегі мен қамқорлығын бағалауға, алғыс пен ризашылық сезімін оятуға арналды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды: Бас жүлде – ноутбук пен 100 000 теңге, І орын – планшет, ІІ орынұялы телефон, ІІІ орын – телевизор. Сонымен қатар, белсенді қатысқан 10 оқушыға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Аталған шараға «Ізгілікте жарысайық» қоғамдық қайырымдылық қоры қолдау көрсетті. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта осы авторлық жобаның «Анаға хат» нұсқасын ауқымды форматта жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Бұл жобаұлт болашағы саналатын жастардың бойына отбасылық құндылықтарды сіңіріп, ізгілікпен құрмет рухын қалыптастыруға бағытталған тағылымды бастама ретінде танылды.

«Әкеге хат» жобасының жүзеге асуыәрбір жас буын үшін үлкен тәрбие мектебі саналадыСонымен қатар, шара оқушыларды мейірімділікке, әке еңбегін бағалауға, отбасы мүшелеріне ілтипатпен қарауға үндеді. Олардың шығармашылық қабілетін дамытып, ішкі сезімдерін еркін жеткізуге жол ашты. Жобаның қорытындысы бойынша ынталандырылған жасөспірімдер өз отбасының қадірін терең түсініп, алдағы өмірінде осы құндылықтарды сақтауға ниетті екенін көрсетті. Ұйымдастырушылардың «Анаға хат» жобасын жалғастыру жоспары да отбасы институтын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ. Мұндай бастамалар ұрпақ тәрбиесіне оң әсер етіп, қоғамда мейірім мен сыйластықты арттыруға үлес қосады.


ПІКІР ЖАЗУ