Шымкентте кітап оқу мәдениеті кеңінен насихатталып келеді

0
48

Қазіргі жаһандану дәуірінде қоғамның интеллектуалдық әлеуетін арттыру мен рухани тұтастығын сақтаудың ең маңызды тетіктерінің бірі кітап оқу мәдениетін дамыту. Ұлттың ой-санасын биіктетіп, өркениет көшіне ілесу үшін оқырмандық мәдениетті кеңінен қалыптастырудың маңызы зор. Осы бағытта елімізде жүзеге асырылып жатқан бастамалардың ішінде «Кітап оқитын ұлт» жобасының орны ерекше.

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте «Кітап оқитын ұлт» жобасының Шымкент қалалық кеңсе жетекшісіАқан Сәбитұлы Бесбаев төмендегідей мәлімдеме жасады.

Шымкент қаласында еліміздің рухани даму бағытына үндес «Кітап оқитын ұлт» жобасы іске қосылды. Бұл бастама қоғамда кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттап, ұлттың ойлау деңгейі мен рухани әлеуетін арттыруға бағытталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолыкітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» деген сөзі жобаның басты ұстанымына айналған. Президент атап өткендей, кітапқа бет бұруұлттың интеллектуалды дамуымен мәдени ілгерілеуінің негізгі шарты.

Бүгінде Шымкент қаласы аталған бастаманы жүзеге асыруда ел бойынша белсенді өңірлердің қатарында. Қалада арнайы жобалық кеңсе құрылып, оқу орындары, кітапханалар, мәдениет ұйымдары және БАҚ өкілдері бірігіп жұмыс жүргізуде. Мақсаткітап оқу мәдениетін  тек акция ретінде емес, халықтық дәстүрге айналдыру.

Жоба алты бағытты қамтиды:

– «Кітап оқитын мектеп» – оқушылар арасындағы әдеби байқау;

– «Кітап оқитын колледж» – студенттердің пікір сайыс алаңы;

– «Кітап оқитын университет» – зияткерлік дода;

– «Кітап оқитын педагог» – ұстаздарға арналған білім сайысы;

– «Кітап оқитын әулет» – отбасылық форматтағы ойын-эстафета;

– «Кітап оқитын мемлекеттік қызметкер» – қоғам алдындағы тұлғалардың рухани дамуын қолдау.

Қазіргі таңда жобаға 66 мыңнан астам шымкенттік қатысып отыр. Оның ішінде 26 мыңнан астам мектеп оқушылары, 8 мың колледж студенттері, 10 мыңға жуық университет жастары, 6 мыңнан астамұстаздар, 15 мыңнан аса ата-аналар мен әулеттер, сондай-ақ 546 мемлекеттік қызметші бар.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың сәуіріне дейін жалғасады. Әр ай сайын қатысушылардың белсенділігі сараланып, үздік оқырмандардың бейнематериалдары әлеуметтік желілерде жарияланады. Бұл – тек мотивация ғана емес, қоғамда оқуға деген құштарлықты арттырып, жаңа буынның дүниетанымын кеңейтетін пәрменді құрал болмақ.


ПІКІР ЖАЗУ