Шымкентте ұлттық сана мен руханиятты қолдау мақсатында мәдениет қызметкерлерімен кездесу өтті

Қоғамның рухани дамуы мен ұлттық бірегейлігін сақтауда мәдениет саласының орны ерекше. Сол себепті Шымкент қаласында мәдениет қызметкерлерімен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кездесу өткізілуі үлкен мәнге ие болды. Бұл шара Жолдаудың мәдениет саласына әсерін түсіндірумен қатар, ұлттық құндылықтарды насихаттау, халықпен тиімді қарым-қатынас орнату және рухани жаңғыруға үлес қосу мәселелерін кеңінен талқылауға мүмкіндік берді. Мәдениет қызметкерлері үшін мұндай кездесулер – олардың тек ақпарат алуына емес, өздерінің кәсіби міндеттерін нақтылауына, қоғамдағы рөлін күшейтуіне және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы жауапкершілікті сезінуіне септігін тигізеді.
Кездесуге мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Оңдасынова және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қалалық филиалының саяси ғылымдар кандидаты Сәуле Рысбаева қатысты.
Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, Жолдауды халыққа түсіндіру және талқылау әр сала үшін маңызды әрі ортақ міндет. «Президент Жолдауында халықпен тиімді қарым-қатынас жасап, түсіндіру жұмыстарына баса мән беру керектігі айтылды. Мәдениет саласында да осы бағытта жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Бірқатар жоба жүзеге асырылып, нақты бағыттар айқындалды», – деді ол.
Ал Сәуле Рысбаеваның пікірінше, биылғы Жолдауелдің әлеуметтік-экономикалық бағытын ғана емес, ұлттық рухани жаңғырудың мазмұнын айқындап берді.
«Жолдау тек ресми құжат емес. Бұл әрбір азамат, әрбір ұжым үшін нақты іс-қимыл бағдарламасы. Мұның мәні барлық сала қызметкерлеріне, әсіресе мәдениет өкілдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Себебі ұлттық сана, тіл, тарих, дәстүр – мемлекеттің рухани тірегі», – деді ол.
Кездесу барысында мәдениет саласының қоғамдағы орны, халықпен байланыс орнату, ұлттық құндылықтарды насихаттау бағытындағы міндеттер кеңінен талқыланды. Академия өкілі Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру үшін мәдениет қызметкерлерінің тек тыңдаушы емес, түсіндіруші әрі орындаушы болуы қажет екенін ерекше атап өтті.
«Бүгінгі басты сұрақ «Біз не істеп жүрміз?» емес, «Елдің дамуына қандай үлес қоса аламыз?» болуытиіс. Жолдауды орындау тек биліктің емес, баршамыздың ортақ борышымыз», – деді СәулеРысбаева.








