Жалпыұлттық бірлікті насихаттау бойынша колледж студенттерімен кездесу өтті

Қоғамдағы тұрақтылық пен бейбіт өмірдің негізі – этносаралық татулық пен жалпыұлттық бірлік. Бүгінгі жас ұрпақтың бойына осы құндылықтарды сіңіру – ел болашағы үшін маңызды міндеттердің бірі. Осы орайда, оқу орындарында түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылып, жас ұрпақты бірлік пен келісім рухында тәрбиелеу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Солардың бірі ретінде Шымкент медициналық колледжінің студенттері арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті насихаттауға арналған тәрбиелік мәні зор кездесу өтті. Шараның басты мақсаты – жастар арасында өзара сыйластықты, ынтымақ пен татулықты нығайту, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі мен бейбітшілігін ұлықтауға бағытталды.
Іс-шараға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Нұржан Абдукаримов, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Нышан Байғұтов, қалалық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Сымбат Сейітхан, сондай-ақ «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы Мөлдір Қасымбек қатысып, жастармен ой бөлісті.
Кездесу барысында спикерлер еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ұлтаралықтатулық пен қоғамдық келісімнің маңыздылығынажәне жастардың ел бірлігін сақтаудағы жауапкершілігіне тоқталды. Және бастарды белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға, ұлттың рухани-мәдени құндылықтарын қастерлеуге және этносаралық татулық пен діни тұрақтылықты сақтауға үндеу тастады. Әсіресе жастардың бойына отансүйгіштік сезімді сіңіру, жат қылықтардан аулақ ұстау, білімге құштарлық таныту мәселелері жан-жақты сөз болды.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандардан тұшымды жауап алды. Пікір алмасу барысында жастар қоғамдық өмірдегі белсенділіктің маңызын түсініп, ұлт бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау жолында әр азаматтың жауапкершілігі зор екенін сезінді.Сонымен қатар, қоғамда болып жатқан өзгерістерге бейжай қарамай, елдік мүддені басты орынға қоюдың мәні ерекше аталып өтті.
Жиын соңында қатысушылар бірлік пен татулық – ең басты құндылық екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді. Бұл құндылықтардың жастар өміріндегі, жалпы қоғамның дамуы жолындағы маңызы ерекше екені айтылды. Мұндай тәрбиелік мәні молкездесулердің жиі ұйымдастырылып тұрғаны жастардың көзқарасын кеңейтіп қана қоймай, олардың тұлғалық дамуына, ел болашағына бей-жай қарамайтын саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар жалғасып, жастар тәрбиесінде өзіндік үлесін қоса бермек.








