Шымкентте отбасы құндылықтарын нығайтуға арналған ашық есік күні өтті

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Отбасын қолдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті.
Ашық есік күніне «Отбасын қолдау орталығы» КММ директоры А.Қалымбет, Шымкент ҚПД ЖПҚБ отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты Д.А.Сахибекова, Шымкент қаласы №2 МӘС бөлім басшысы Г.Кожабаева, Қорғаншылық және қамқоршылық орталығының директорының м.у.а. М.Таксанбаева мен бөлім басшысы М.Б.Диканбаева, «Отбасын қолдау орталығы» КММ заңгері Ж.Асылбеков, Әділет-Ақпарат» кәсіпкерлер және тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Жанзаков, «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры, Л.Ақшегірова және Шымкент қаласы заңгерлер палатасының заңгері Н.А.Мырзабай қатысты.
Шара барысында әлеуметтік жағдайы осал топтар мен жалғыз басты аналарға, толық емес отбасы мүшелері және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың өзекті мәселелерін шешуге заң аясында қолдау көрсетілді. Олар мамандардан психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл іс-шара отбасыдағы қарым-қатынасты нығайту, қиындықтарды жеңу жолдарын көрсету мақсатында ұйымдастырылған маңызды бастама ретінде ерекше ықыласпен қабылданды. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасылық тәрбиенің маңызын арттыру және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға бағытталған шара қоғам тарапынан зор қолдау тапты.
Орталық басшылығы ашық есік күнін дәстүрлі түрде өткізу арқылы қоғамды ұлттық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын нығайту, сондай-ақ әлеуметтік қолдау мен ақпараттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра беретінін атап өтті. Мұндай шаралар отбасылардың берекелі өмір сүруіне, қиын сәттерде қолдау табуына, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды сақтап, отбасылық дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуге және өскелең ұрпаққа өнеге боларлық тәрбие беруге зор ықпал етеді. Бұдан бөлек, қоғамда өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыруға, әлеуметтік бірлікті нығайтуға мүмкіндік береді.
«Отбасын қолдау орталығы» ашық есік күні отбасы құндылықтарын көтеру мен қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды қадам болды.Шара барысында тұрғындар орталықтың қызметімен кеңінен танысып, мамандардан психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Отбасы институтын нығайтып, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім мол.








