Өскелең ұрпаққа бейбіт өмірдің бағасын ұғындырған кездесу өтті

Шымкент қаласындағы Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде егеменді елдің Қарулы күштерінің имиджін көтеру, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге және әскери міндеттерін адал орындауға, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында маңызды кездесу өтті.
Шараға 50120 әскери бөлімі тәрбие жәнеидеологиялық жұмыс бөлімі басшысыныңкөмекшісі, запастағы подколковник Нурбеков Садуакас Қанатұлы, 50120 әскери бөлімініңофицері, кіші сержант Изимов Еркебұлан Омарұлыарнайы шақыртылды.

Іс-шара барысында әскери сала өкілдеріоқушыларға «Біртұтас жер – Біртұтас ел» тақырыбында бейнеролик ұсынып, терең мазмұндытүсіндірме жұмыстарын жүргізді. Баяндамашыларөз сөздерінде мемлекеттің әрбір азаматы ел қорғанысында жауапкершілікпен үлес қосуы қажеттігін айрықша атап өтті.
Келесі кезекте оқушылардың назарынаҚазақстанның тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, ел бірлігі мен ұлттық қауіпсіздіктің маңыздылығын кеңінен қамтыған бейнеролик ұсынылды. Бейнероликте еліміздің қалыптасу кезеңдері, егемендік алу жолындағы күрес пен Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері көрініс тапты. Сонымен қатар, бейнероликте Қарулы Күштердің ел тыныштығын сақтау жолындағы маңызды миссиясы мен азаматтық борышты өтеудің маңыздылығы айқын көрсетілді. Оқушылардыңбейнероликтен үлкен әсер алып, кеуделерінде елге деген сүйіспеншіліктер мен ерекше патриоттық сезімдер орнағаны байқалды.
Көрсетілімнен кейін әскерилер Садуакас Қанатұлы мен Еркебұлан Омарұлы оқушылармен еркін форматта сұхбаттасып, бейнематериалда айтылған тақырыптарды тереңірек түсіндірді. Жас буынға патриоттық тәрбие беруде ел тарихындағы маңызды кезеңдер мен Қарулы Күштердің рөлі, ел қорғаны – сарбаздардың күнделікті өмірі, әскери борышты өтеудің мәні мен маңыздылығы туралы баяндады. Және әскери өмірдің қыр-сыры жайында әсерлі әңгімелерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жас ұрпаққа бейбіт өмірдің бағасын ұғындырған кездесу патриоттық әндермен, ерлікке толы көріністермен және әскери дайындық бағдарламаларымен жалғасты.
Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастырып, олардың елге адал қызмет етуге деген ұмтылысын, азаматтық жауапкершілігін арттыра түсері сөзсіз. Бұл кездесулер өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеумен қатар, оларды қоғамдық белсенділікке, тарихи сананы құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды бағалауға баулиды.








