Шымкенттегі әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын тыңдады

0
176

Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөлімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» тақырыбындағы Жолдауын тыңдады.

Өз Жолдауында Президент адамзаттың жаңадәуірге қадам басқанын атап өтті. Бұл кезеңдеқауіпсіздікке жаңа қатерлер туындап отыр, оныңішінде жасанды интеллект негізіндегі қауіпті қару-жарақтарды пайдалану мәселесі де бар. Мемлекет басшысы сондай-ақ жаһандық геосаяси парадигманың түбегейлі өзгеріп жатқанын, жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан да әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі ретінде уақыт талаптарына сай дайын болуы қажет.

Менің басты миссиям – Қазақстанның тұрақтыәлеуметтік-экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қатерлер мен өзгерістерге толы бұл күрделі кезеңде біз елдің тұрақтылығы мен мызғымастығын сақтауымыз қажет, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент, сонымен қатар, жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, еліміздің жасанды интеллект технологияларын енгізу және толық цифрландыру дәуіріне батыл қадам жасағанын айтты. Жолдауда еліміздің негізгі стратегиялық міндеттері айқындалды: ұлттық қауіпсіздікті арттыру, экономиканы дамыту, басқару жүйесін жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу.

Жолдауды тыңдап болған соң әскери қызметшілер негізгі бөлімдерге қатысты ойларымен бөлісіп, Мемлекет басшысы белгілеген басым бағыттарды толық қолдайтындарын және оларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етуге дайын екендіктерін жеткізді. Олар елдің қауіпсіздігі мен ұлттық мүддені қорғауәрбір әскери азаматтың қасиетті парызы екенін ерекше атап өтті.

35748 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбазы, ефрейтор Мағжан Иманбаев өз ойыменбөлісті:

– Президент Жолдауы бізге еліміздің жаңа даму кезеңіне қадам басқанын айқын көрсетті. Жылдамдамып келе жатқан технологиялық прогресс жағдайында армияның да жетілуі, жаңа цифрлық шешімдер мен технологияларды енгізуі аса маңызды. Біз, әскери қызметшілер, ел қауіпсіздігіне жауаптымыз және оны қорғауға өз үлесіміздіқосуға дайынбыз, – деді ол.

Оның айтуынша, Жолдауда айтылған реформалармен басым бағыттарҚазақстанды жаңа белестерге бастайтын маңызды бағдар. Ал бұл жолда әскери сала да шет қалмай, патриотизм генегізделген, жоғары кәсіби даярлыққа ие заманауиәскер қалыптастыруға бар күш-жігерін салуы тиіс.

Бөлім командованиесі Мемлекет басшысының Жолдауы ел өмірінің барлық салалары үшін, соның ішінде елдің қорғаныс жүйесін дамытуда да маңызды бағыт-бағдар болатынын ерекше атап өтті.


ПІКІР ЖАЗУ