Колледж жастарына этносаралық татулықты дәріптеу туралы түсіндірілді

0
142

Қоғамның тұтастығы мен елдің болашағы – жастардың бірлігі мен белсенділігіне тікелей байланысты. Бүгінгі таңда ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықты, достықты сақтап, оны келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл бағытта еліміздің әр өңірінде жастар арасында бірлік пен ынтымақтастықты насихаттау мақсатында түрлі кездесулер ұйымдастырылып келеді.

Осы тұрғыда, Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінде жастарға арналған кезекті тағылымды кездесу өтті. Бұл – жастар арасында бірлік пен татулықты дәріптеу мақсатында өткізіліп жатқан бірқатар тәрбиелік іс-шаралардың жалғасы.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты ұлт бірлігін сақтау мен қоғамдағы ынтымақтастықты нығайту жолында белсенді азаматтық позицияға шақыру, сондай-ақ әртүрлі мәдениеттер мен діни көзқарастар арасындағы құрмет пен келісімді арттыру.

Кездесу барысында Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Нұржан Абдукаримов, қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісі Қайрат Анарбаев, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Мөлдір Алайдар, сондай-ақ, қалалық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Нұрлан Әбдіманап сөз сөйлеп, жастарды бейбітшілік пен өзара түсіністікке үндейтін мазмұнды ойларымен бөлісті.

Жиынға қатысушылар жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы, этносаралық татулықты сақтау және діни сауаттылықты арттыру секілді маңызды мәселелерге тоқталып, өзара сыйластықтың қоғам дамуы үшін маңызын атап өтті. Бұдан бөлек, басқосуда жас ұрпаққа  ғаламтордағы теріс идеологияға берілмей, дұрыс бағыт ұстанудың маңыздылығы, сонымен қатар, ұлтаралық татулық пен діни келісімді нығайту, этносаралық түсініспеушіліктің алдын алу жайында мазмұнды ақпараттар ұсынылды.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылап, түрлі көзқарастармен танысу мүмкіндігіне ие болды. Сала өкілдері жастардың өмірлік ұстанымдарына бағыт-бағдар беріп, адамгершілік, жауапкершілік, толеранттылық сынды қасиеттердің маңызын атап өтті. Мұндай іс-шаралар – жастар санасында бірлік, бейбітшілік, ұлтаралық келісім сияқты құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, азаматтық позициясын нығайтуға және саналы шешім қабылдауға үйретеді. Алдағы уақытта да осындай тағылымды кездесулер жиі ұйымдастырылып, жас ұрпақты тәрбиелеуде жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады.

 


ПІКІР ЖАЗУ